воскресенье, 13 июля 2014 г.

L'Oreal Professionnel Mythic Oil Nourishing Masque – Шашқа арналған маска



Бүгінгі пікірім шашқа арналған маска L’Oreal Professionnel Mythic Oil Nourishing masque – For all hair types туралы болады. Бұл менің L’Oreal Professionnel Mythic Oil кәсіби күтім бағытымен бірінші таныстығым екенін де айтқан жөн. Осы сериядан қандай да бір өнімді қолданып, көргім келетін, енді ғана оның сәті түскен сияқты.

Nourishing masque маскасының тап осы кезде қолыма түскені қандай жақсы болды десеңізші, өйткені сары жолақ түскен, боялған және құрғақ шаштарыма осы өнім қатты қажет болып жүр еді. Сонымен пікіріме келсек, менің қолымдағы өнім мөлшері – 500 мл, аталмыш мөлшер бұл өнім туралы пікір қалыптастыруға әбден мүмкіндік береді және бір артықшылығы бұл өнімді жолға, саяхатқа алып жүруге ыңғайлы. 

Өндіруші маска құрамындағы арган мен мақта шиті майларының көмегімен шашты ауырлатпай жанды әрі жылтыр шаш қалыптастыруға болатынына сөз береді. Маска – ақ түсті, өте қою, әйтсе де, жақсы жағылып, таратылады. L’Oreal Professionnel Mythic Oil Nourishing masque маскасы жұпар иісімен аңқиды, қандай да бір иіссу қосылған сияқты ой туады. Бұндай иіс мен үшін ауыр, едәуір жеңіл хош иісті болғаны дұрыс деп ойлаймын.


Пайдаланғаннан кейінгі менің әсерім

  • Маска сулы шашқа жеңіл жағылып, таратылады.
  • Шығынның аз болуы: өнімнің шиедей мөлшері шашымның орта ұзындығынан ұшына дейін жағып шығуға жетті (шашымның түбіне ешқандай мақсаны жақпаймын).
  • Оңай шайылады.
  • Сулы шаштар қиындықсыз таралады және шатыспайды.
  • Шаш кепкен соң, олар жібектей әрі шатыссыз болады.
  • Шын мәнінде де шаш ауырламайды және жылдам майланбайды.
  • Бір ұнамағаны, жинақтаушы әсері жоқ – әсері келесі бас жууға дейін сақталады.


Менің тұжырымым


  • Жылдам әсер ететін тамаша өнім.
  • Кез келген шаш типіне мінсіз.
  • Тағы бір кемшілігі – қымбат бағасы, ал егер үнемдеп қолданса, «сиқыр таяқшасы» ретінде пайдаланса, онда әбдеп ыңғайлы болады. 

Осы және басқа да өнімдер түрін тиімді бағамен strawberrynet.com сұлулық сайтынан таба аласыз.

Комментариев нет:

Отправить комментарий