
Жылтыраған
шаш. Езілген авокадоны бір жұмыртқа және жарты шай қасық зәйтүн майымен
арластырыңыз да, шашқа жағып, 25 мин қалдырыңыз. шайып жіберіп, сусабын мен
жайлағыш пайдаланыңыз.
Авокадоны
көз асты қапшықтарына қарсы сиқырлы құрал ретінде пайдаланыңыз. Авокадо
тілімдерін көз астына қойып, 15-20 мин өзіңізді бос ұстап рақаттаныңыз.
Бетке
арналған маска. Авокадодан жасалынған езбені таза бет терісіне тегістеп жағыңыз
да, 10-15 мин қалдырыңыз да, алдымен жылы сумен шайыңыз да, онан соң салқын
сумен шайыңыз.
Жұмсақ
ылғалдағыш құралы. Авокадо қабығы құрамында май көп. Сол себепті оны тастауға
асықпаңыз, ылғалдағыш құрал ретінде пайдаланыңыз.


Аяққа
арналған спа. Авокадодан жасалынған езбені өкше терісі күтіміне пайдаланыңыз.
Өкшеңізді
езбемен уқалаңыз да, 15 мин қалдырыңыз.
Осы
кеңестерді орындаған соң, керемет нәтижеге жетесіз.
Соынмен қатар, авокадо майы қосылған бірнеше
құралдарды пайдалнуға кеңес береміз:
Кильс ұсынған авокадо қосылған қабақ кремі
Джон Мастерс Органикс ұсынған лаванда және
авокадо қосылған интенсивті жайлағыш
Эмёрджин Си ұсынған салаубас, авокадо, арган,
С дәрумені қосылған денеге арналған лосьоны
Филипп Би ұсынған авокадо мен жалбыз қосылған
көлемдегіш сусабын.
Комментариев нет:
Отправить комментарий