

Қас макияжяның ең
жақсы тәсілі – қасқа арналған қаламмен, ұнтақпен немесе күңгірт қабақ бояуымен
қасты толтырыңыз. Қасыңыздың түсінен ашықтау реңкті іздеңіз.
Бронзерді бет
контурыңызға, сонан соң аздап маңдайға, мұрын жақтауларына және иекке жағыңыз.
Тері өңіңізден
ашығырақ түсті корректорды пайдаланыңыз. Негіз орнына тоналды ылғалдағыш кремді
пайдаланыңыз, бұндай крем негізге қарағанда жақсы, қйткені негіз теріде маска
сияқты көрінеді.
Аспан көк түсті
қабақ бояуы ашық көз әсерін қалыптастырса, қошқыл көк қабақ бояуы смоки айс
макияжын қалыптастыруға лайықты, сонымен қатар визажисттер көк сұйық
контурлағыш қаламды дәстүрлі қара немесе қоңыр орнына пайдаланады.


Кірпігіңіз өрмекші аяқтары сияқты болмас үшін кірпікке арналған тарақты пайдаланыңыз.

Қошқыл түсті ерін далабы ерінді жұқа көрсетеді.
Майлы әжімді кемелденген терілі әйелдерге опа далапты беттің барлық аймағына жағуға кеңес берілмейді, тек майлы аймаққа жағылуы тиіс. Негізді мойынға да жағыңыз. Тері өңіңізге сәйкес келетін негізді пайдаланыңыз. Тұрақтылығын арттыру және кемшіліктерді жасыру үшін астарды макияждан бұрын жағыңыз.
Макияждағы жылтырақты кез келген уақытта пайдалана аласыз, дегенмен, ірі
жылтырақ бойжеткендерге ғана және кешкі салтанатқа ғана жарасатынын еске
сақтаңыз.
Кеңес береміз:
Ив Сен Лоран ұсынған тоналды күңгірттегіщ негіз
Биллион Доллар Браус ұсынған қасқа арналған ұнтақ

Комментариев нет:
Отправить комментарий