Смоки айс қалыптастыру классикалық тәсілдері — бұл айқындап сызылған және мұқият таратылып-боялған қара түсті макияж. Уақыт өте келе ол түрлі нұсқалармен орындалатын болды. Мысалы, смоки айстың жеңіл нұсқасын рет-ретімен орындасаңыз, арнайы салтанатты кеште емес, күнделікті кездесулерге де орынды болады. Және оны әртүрлі реңктермен жасауға да болады.
Қоңыр, қара-көк және күлгін түстерді пайдалана отырып, смоки айс қалыптастыруды рет-ретімен көрсетуді ұйғардым. Ұсынылған тәсілдерді үй тұрмысында оңай қолдана аласыз. Нәтижесінде, классикалық нұсқадан кем болмайтын, өзіндік ерекше әрі тартымды кейіпке енесіз. Ол барлық типтегі түрге сай келеді, ал қолданылатын түстер кез келген көз түсін бояуға мүмкіндік береді. Ал киім мәселесіне келсек, онымен де шектеу жоқ. Түстердің жеңіл ауысымы бұндай макияжды үйлесімді және кез келген киімге жарасымды етеді.
Смоки айс қарындаш пен бояу әдісін қамтиды, сол себепті тек қана қабақ бояуымен шектелу мүмкін емес. Майлы қарындаш пен сұйық көз контурлағышы керек. Олар міндетті түрде классикалық қара түсте болуы шарт. Сонымен, смоуки айс тәсілдерін рет-ретімен үйренейік. Әрбір қадамды рет-ретімен орындасаңыз, үй тұрмысында шын мәнінде сәнді әрі әдемі макияж қалыптастырасыз. Әрбір қадамды сурет толықтырады, суреттерде смоки айс кейіпін қалыптастыратын қадамдар бейнеленген. Смоки айс макияжын жасауды бастамас бұрын, біріншіден, қас астын ақ түсті қабақ бояуымен бояңыз.
Суретте көрсетілгендей, мамық қылқаламмен қоңыр түсті жағыңыз. Жиектері сейілген жұмсақ шекара қалыптастыру үшін шеңбер қимылды пайдаланыңыз. Көздің ішкі бұрышына ақ түспен айқындық беріңіз.
Енді күлгін түсті пайдалану кезі келді. Жатық қылқаламмен бүкіл қозғалмалы қабаққа жағыңыз.
Сонан соң қылқалам ұшын қара-көк түске батырыңыз да, онымен көздің ішкі бұрышын біртекті түстерді араластыра отырып айқындаңыз. Смоки айсты үй тұрмысында жасағанда барлық шекаралар мен әртүрлі түс аусымыдарын мұқият таратып-бояу қажет екенін естен шығармаңыз. Тек сол кезде ғана үй тұрмысында макияжды жасау сәтті болады.
Күлгін түсті жіңішке қылқаламмен төменгі қабақтағы кірпіктің өсу сызығын бойлай мұқият жағып шығыңыз. Суреттен қараңыз.
Смоки айс ұзын қуыршақ кірпіктерін талап етеді. Сол себепті кірпікті қайыру үшін қайырғышты пайдаланыңыз.
Ұшы үштік қара қарындашпен төменгі қабақ шекарасын сызыңыз.
Үй тұрмысындағы смоки айсты қалыптастыру - бұл қара, кірпікті көлемдегіш сүрмені қолдану.
Осылайша, кез келген қызды, қте сұлу қызға айналдыруға болады. Егер бұл макияжды арнайы бір салтанатқа қолданғыңыз келсе, арнайы дайындалған абзал. Әрбір қадамды ретімен орындап, нәтижесін қараңыз. Сол кезде қадамдар арасында түзетілуі керек кейбір қателіктерді байқайтын боласыз. Келесі кезде оны жылдам жасап, мэйк апты мүдірмей мінсіз орындайтын боласыз.
Смоки айс қажетті күтімдерді strawberrynet.com сайтынан тиімді бағамен алуға болады.
Комментариев нет:
Отправить комментарий