воскресенье, 20 июля 2014 г.

Сатып алған өнімге шолу - Arezia ұсынған макияж жиынтығы


Әдетте тапсырыс беретін дүкенімде, жаздық арнайы ұсыныстар болды. Сол косметика арасында Arezia макияж жиынтығы қатты қызықтырды. 
 
 Қабақ бояуы палеткасына тапсырыс беру бұрыннан ойда болды, ал мында 50% шегерім тіпті менін ойымды орындады. Осылайша мен 36 қабақ бояуы және 3 қас опасын, 2 тығыздалған опа мен 3 бет далабына ие болдым. Макияжға керекті заттардың барлығы бір құтыда – міне керемет! 

Сапасына келсек, Arezia алған бірінші өнімім болса да, жиынтық сапасы маған ұнады. 
 

Қабақ бояулары шашылмайды, күні бойына қабақта жақсы сақталады – бұл қасиеттер мен үшін маңызды. Түрлі түсті опа терідегі кемшіліктерді жасыруға көмектеседі және бет далаптарымен сынақ жүргізіп көруге де болады. Опа мен бет далабы сапалары да ұнады.
 

Бір кемшілігі – барлық қабақ боялары түстерін пайдалана алмаймын, мысалы, сарғыш-қызыл қызғыш. Тіпті ол кімге арналған және не үшін палеткаға қосқанын да түсінбедім... Бірақ қалған 30 да мен үшін кәдеге асады. :)

 

Осы және басқа да косметика түрлерін тиімді бағамен strawberrynet.com сайтынан таба аласыз.























 

Комментариев нет:

Отправить комментарий