Сұлу макияждың бір бөлігі – дұрыс боялған қас. Ол жүзіңізге нәзіктік
пен талғампаздық сыйлайды.
Өзіңізге
лайық форманы таңдаған соң үстінен қарындашпен бояғаныңыз жөн. Оны бояу оңай жұмыс
емес. Бұдан өзге дұрыс жағылып, шетіне шығып кетпеуін қадағалау керек. Лайық қарындашты
таңдаған кезде теріңіздің, көзіңіздің, кірпігіңіздің, шашыңыздың түсін ескеріңіз.
Бояуы тым қанық болса, сырт көзге жағымсыз әсер сыйлайды.
- Қастың
түсі шашқа қарағанда 1-2 тонға қошқыл болуы тиіс;
- Күл
түстес шашқа сұр немесе қоңыр түс жарасады;
- Мұнымен
қатар сәнге еліктеп шашын сарғайтатын қыздар да қоңыр түсті таңдағаны абзал.
Қасты қарындашпен бояу
Косметикалық қарындаш көмегімен қасыңыздың пішінін, түсін өзгерте
аласыз.
Қасыңыз
дұрыс сызылуы үшін ұшын ұштап алыңыз. Қасты төмен қарай тарап, қарындашпен өсу
бағытында сызыңыз. Қасыңыз табиғи болып көрінсін десеңіз, ұзын сызықтардан сақ
болыңыз.
Қасты қаншалықты жиі бояуға болады?
Әйел
адамның шашы жылдам өсетіндіктен, қасын жиі бояйды. Біз екі аптада бір рет қана
бояуға кеңес береміз. Түсі өзгерген жағдайда қарапайым қарындашты пайдалануыңызға
болады. Жиі бояй беретін болсаңыз, аллергиялық реакция беруі мүмкін.

Егер бұл рәсімді бірнеше рет орындап көрген болсаңыз, арнайы сұлулық
салондарына барып ақша шығындамай, сапалы етіп бояуыңызға болады.
Сонымен қатар, қасты қорғап, қоректендіретін және пішін түзеуге көмектесетін қасқа арналған гельдер, мустар және т.б күтімдерді пайдаланған абзал.
Қас
күтімі өнімдерін strawberrynet.com сайтынан таба аласыз.
Комментариев нет:
Отправить комментарий