Миллиондаған әйелдер өздерін күтеді. Өздерінің беті мен денесіне көңіл бөле отырып, мойын аймағы мен декольтені ұмытып та кетіп жатады. Ия, осы аймақ әйелдің нағыз жасын көрсететін, жасырмайтын аймақ болып табылады.
Мойын және декольте аймағын тұрақты күту қажет. Процедуралардың тұрақтылығы мен мұқияттылығы арқасында жылдам әрі сапалы нәтижеге жетуге болады. Шындап келгенде, өзіңе деген күтім қияметке айналмауы тиіс. Ол рақаттануға ұласуы тиіс. Мойын мен декольтені күту басқа дене аймақтарын күтудегі сияқты қиын емес процедуралардан тұрады.
Әйел денесіндегі мойын терісі – өте нәзік, сезімтал келеді, оны күтудегі шарт – жұмсақтық. Күтім бірнеше қадамнан тұрады. Ол дегеніміз, күнделікті тазарту, сергіту, теріні қоректендіру, арнайы жаттығуларды орындау. Терең тазарту мен қоректендіру, массаж сияқты қиын процедураларды он күнде тек бір орындау қажет.
Дененің кез келген бөлігін күту тазартудан басталады, соның ішінде мойын да тыс қалмауы тиіс. Жуыну үшін арнайы құрал пайдалану қажет. Шомылу кезінде жұмсақ жөке және душ гелін пайдаланған жөн. Теріні құрғатып, теріні тітіркендіретін құралдардан аулақ болған абзал. Аптасына бір рет өлі тері жасушаларын кетіру үшін терең тазарту жасау қажет.
Егер қаласаңыз, пиллинг те пайдалануға болады.
Декольте мен мойын аймағын сергіту де маңызды. Бұл процедура үшін тониктер мен лосьондар қолданылады, олардың құрамында фитокомпоненттер болуы шарт, олар терінің ылғалдылық деңгейін дұрыс қалыпта ұстайды.сонымен қатар мойын мен декольтені ылғалдандыру үшін арнайы кремдерді тұрақты пайдалануға болады. Ал терең қоректендіруге маскалар мен іркіттерді пайдаланғанда қол жетеді.
Денені күту кезінде жаттығуларды жасау да өте маңызды болып саналады. Ол жаттығулар мойынға да қатысты. Мойын бұлшық етін дұрыс жаттықтыру осы аймақтардың сымбаттылығы мен жас кейіпін ұзақ сақтауға мүмкіндік береді.
Өз денеңізге деген күтім мен махаббат оны көп жылдар бойына керемет әрі жас кейіпте сақтауға мүмкіндік береді.
Мойын және декольте аймағын
күтуге арналған бірнеше күтім түрлерін пайдалануға кеңес береміз.
Orlane ұсынған
Декольте және мойын терісіне арналған нығайтқыш іркіт
Estee Lauder Ре-Нутрив Декольте
және мойын терісіне арналған қартаюға қарсы крем-лифтинг
Clarins Декольте және мойын терісіне арналған сергіткіш
концентрат
Helena Rubinstein Коллагенист Декольте,бет және мойын
терісіне арналған нығайтқыш, әжімді жазғыш крем (Барлық тері типіне арналған)
Осы және басқа да өнімдерді strawberrynet.com сайтынан тиімді бағада таба
аласыз.
Комментариев нет:
Отправить комментарий