среда, 2 июля 2014 г.

Суға төзімді сүрмені қолдану сырлары




Макияжыңыз ағылып, жағылғанын қаламасаңыз, суға төзімді косметика құралдарын таңдаңыз. Олардың арасындағы ең танымалы - суға төзімді сүрме. Оны қолдану зиян емес пе? Бұл сүрмені қалай қолданған дұрыс?
Суға төзімді сүрменің құрамына силиконды полимерлер, өсімдік пен мал текті балауыз, парафин кіреді. Олар кірпікті көрінбейтін қабықшаға орап, қар, жаңбыр, жас, тері суларынан сақтайды. Алайда бұл компонеттер кірпікке кері әсер етуілері мүмкін. 




Олар көздің қышуына, қызаруына, кірпіктердің зақымдануына әкеле алады. Сондықтан суға төзімді сүрмені, жалпы суға төзімді косметиканы сирек қолданыңыз.




Сүрме жақпас бұрын, кірпікке арналған май не мөлдір гель жақсаңыз болады. Олар сүрменің зиянынан сақтайды.


Суға төзімді сүрме алуға бел бусаңыз, оны мұқият таңдаңыз. Қорабында сүрме кірпіктерді судан қорғауға арналған деген жазу бар екендігіне көз жеткізіңіз. "Мoisture-proof" деп жазылған сүрме өте үлкен ылғалдылыққа төзе алады, яғни бұндай сүрмемен суға түсіп, жылай да аласыз. Ал "water-proof" тушь үлкен температураларға төзіп, ақпайды, алайда ылғалға төзімді емес.



Әрине суға төзімді сүрмені оңайлықпен кетіре алмайсыз. Су, сабын, тіпті кәдімгі макияж кетіретін сұйықтықтар да бұған жарамайды. Сізге арнайы суға төзімді косметиканы кетіретін сұйықтық керек. Оны мақтаға жағып бірнеше секундқа көзіңізге басып қойыңыз. Содан кейін ғана сүрте бастаңыз.



Кірпік күтімі өнімдерін strawberrynet.com сайтынан таба аласыз.

Комментариев нет:

Отправить комментарий