суббота, 26 июля 2014 г.

Жас көрінуге арналған 10 кеңес

Әрбір әйел өз жасынан жас көрінгісі келеді.
Уақытты кері айналдыра алмаймыз, бірақ теріңізді дұрыс таңдалған күтім құралдары мен макияжды жағау тәсілдері көмегімен теріңізді жас көрсетуге көмектесе аламыз.



Теріңіздің жас көрінуіне арналған бірнеше кеңестер:
Өлі тері жасушаларын кетіруге арналған скрабты пайдаланыңыз.
Әжімді азайту үшін масканы пайдаланыңыз.
Теріні күнделікті ылғалдандырыңыз.




Тікелей күн сәулесінен қашыңыз.
Мінсіз макияж үшін астар жағыңыз.
Мінсіз таңдалған жасырғыш құрал көз айналасындағы қараюды жасырады.
Макияжға арналған негіз құрамында жақсы күн қорғанысы сүзгісі болып табылатын антиоксидант болуы тиіс.




Айқындағышпен жақ пен қабақты ағартыңыз.

Бет далабын жағыңыз.
Қызғыш бет далабын пайдалануға болады.
Көзге арналған мінсіз контурлағыш сұйық қаламды таңдаңыз.
Төменгі қабақты көк контурлағыш сұйық қаламмен сызыңыз.



Қарапайым кеңестер сізді жас көрсетуге көмектеседі. Сізге кеңес береміз:

1. Клиник ұсынған қабыршақтағыш скраб

2. Нарс ұсынған балшық маска


3. Авен ұсынған минерал қосылған күн қорғанысты лосьон

Күтімдерді тиімді бағамен strawberrynet.com сайтынан таба аласыз.

Қол терісінен күйгенді кетіру жолдары

Қолдың күйген түсін кетіретін үй тұрмысындағы 4 қарапайым шешім



Біз беттің күйгеніне қатты көңіл бөлеміз де қолды көбіне ұмытып кетеміз.

Қолдың күйген түсін кетіретін үй тұрмысындағы бірнеше құралдармен танысайық.


Құрал №1

Ыдысқа салқын йогуртты құйып бір шөкім куркума қосыңыз. Осы пастаны күніне 20 мин қол, бет пен мойынға шомылар алдында жағыңыз.









Құрал №2
Қиярды алып, екіге тіліңіз.  Жартысын үгіп, 2 шай қасық сүт пен бірнеше тамшы лимон шырынын қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Теріге жағып, кепкенше күтіңіз. Сумен жуыңыз. Жақсы нәтиже үшін езбені аптасына бір рет жасаңыз.



Құрал №3
Қызанақты екіге бөліңіз. Қызанақтың жартысымен қол терісін сүртіңіз, ол күйген түсті кетіреді.






Құрал №4
Шикі картопты кесіп, күйген аймақтарды ылғал жағымен сүртіңіз.




Джон Мастерс Органикс ұсынған табиғи минералды күн қорғанысты құралы spf 30 және Клиник ұсынған денеге арналған крем spf 50 және Шисейдо ұсынған күн қорғанысты лосьоны.



Осы жне басқа күтімдерді тиімді бағамен strawberrynet.com сұлулық дүкенінен таба аласыз.

Тері, шаш және денсаулыққа арналған сәбіздің 14 керемет қасиеті



Сәбіз жағымды дәмімен қоса құрамында минералдар мен антиоксиданттар және бета керотин, А дәруменінің көп мөлшерін қамтиды.






Сәбіз шырынын әртүрлі аурудан емдеу үшін пайдаланады.
Денсаулыққа арналған сәбіздің тамаша қасиеті:
Сәбіз көзге пайдалы



Сәбіз жүрек үшін қорғаныс барьерін қалыптастырады
Сәбіз өкпе рак ауруы, кеуде және ішек рак аурулары қауіпін азайтады.
Сәбіз иммунитетті көтереді




Сәбіз тіс үшін пайдалы
Сәбіздегі ерігіш талшықтар ішекті тазартып, зиянды заттарды шығарады.
Сәбіз тері жасушалары қартаюын баяулатады.






Сәбіз жүктілік кезде қте пайдалы
Аптасына алты сәбіз талынан артық жейтін адамдар жүрек ұстамасы қауіпіне азырақ шалдығады.
Сәбіз - ас қорытуды реттейтін талшықтардың жақсы қайнар көзі.






Құрамында А дәрумені мен басқа антиоксданттар болғандықтан сәбіз теріге өте пайдалы.
Сәбіз шырыны безеу бөртпесі мен тыртықтан құтылуда өте әсерлі.
Сәбіз күн сәулелеріне қарсы қорғаныспен қамтамасыз етеді.
Шаш өсуін арттырады




Соынмен қатар сәбіз сіріндісі қосылған тері күтімдерін пайдалануға кеңес береміз – Эминенс ұсынған сәбіз және дәрумендер қосылған маска 

Дж. Ф. Лазартиг ұсынған сәбіз майы қосылған тереңінен әсер еткіш құрал

Тері және шаш күтіміне арналған пайдалы өнімдерді тиімді бағамен strawberrynet.com сатып ала аласыз.

Хош иіссулар иісінің тұрақтылығы

Хош иіссу сатып алғанда, олардың иісінің тұрақтылығын ойлайсыз ба?


Көп адамдардың ойынша тұрақты хош иістер ғана түпнұсқа, дегенмен хош иістің тұрақтылығын арттыратын бірнеше факторлар да бар.




Бірінші. Хош иіссуды қараңғы жерде сақтаңыз, мысалы, шкафта немесе киім арасында.











Екінші. Хош иіссуды білезікке шашыңыз.










Үшінші. Хош иіссуды құрғақ теріге шашыңыз, алдымен ылғалдағыш крем жағып алыңыз.










Хош иіссуды тері тесігіне ену үшін душ қабылдаған соң шашыңыз.









Иіссіз лосьон үстіне шашыңыз, ал лосьонды білезікке жағыңыз.
Күшті базалық ноталары бар жұпарды таңдаңыз: кешью, балқарағай, даршын, қалампыр, ладан, зімбір, жасмин, амбра, нероли, емен мүгі, пачули, қызыл ағаш, сандал, ваниль, ветивер, иланг-иланг және мускус.


Strawberrynet.com сияқты сенімді дүкендерден ғана хош иіссулар сатып алыңыз.

Шашты үйде бояуға арналған қарапайым 4 қадам

Арнайы құрал-саймандарды дайындаңыз:

Бояу

Айқындауыш
Ыдыс пен қылқалам
Орамал
Қолғап
Сағат




Қадам №1. Бояу мен айқындағышты қылқалммен араластырыңыз.






Қадам №2. Бояуды жағыңыз.
Маңдайдағы шаш өсуін бойлай жағыңыз.
Шашты үлкен бөлімдерге бөліп, әрқайсысына бояуды жағыңыз.
Көрсетілген уақытқа қалдырыңыз, егер уақыт көрсетілмесе 20 мин қалдырыңыз.
Уақыт өткен соң, бояуды шаштың барлық бөлігіне жағыңыз.
Тегіс таралу үшін жалпақ тарақпен шашты тараңыз.
Бояуды 5 мин қалдырыңыз.


Қадам №3
5 мин соң шашты жақсылап жуыңыз.



Қадам №4
Шашқа арналған жайлағышты міндетті түрде пайдаланыңыз.




Бірнеше пайдалы кеңестер


Екі тонға қара немесе шашыңыздың түсінен ашығырақ реңк таңдаңыз.
Шымырлау және жайсыздық болмас үшін бояуды кір шашқа жағыңыз.



Редкен ұсынған жайлағышты пайдалануға кеңес береміз,

Джойко ұсынған К-Пак жайлағышы,

Аведа ұсынған шаш түсін сақтайтын жайлағыш,

Локситан ұсынған қалыптастырғыш сусабын.


Шашқа арналған кең ауқым өнім түрлерін тиімді бағамен  strawberrynet.com сұлулық дүкенінен таба аласыз. 

Бетті айрықша жіңішке көрсету құпиялары


Сіз жұлдыздардың макияжсыз түрін көріппе едіңіз, өзіңіз білетіндей макияж бетті айрықша өзгертеді. Біздің кеңестер көмегімен бетіңізді 5 килограммға арықтау етіп көрсете аласыз. 

Макияжда қара реңктер жасырып, ал ашық реңктер алға қарай тартып көрсетеді. Осы ережені өзіңіздің пайдаңыз үшін қолдану үшін мүсіндеуге арналған реңк немесе күңгірттегіш бронзер керек, бронзер түсі бір немесе екі реңкке өз түсіңізден қара болуы керек. Сонымен қатар өз бет түсіңізден езәуір ашық хайлайтер қажет.

Опалық құрылымды пайдаланыңыз, мысалы, БэирЭсценшуалс ұсынған ағартқыш минералды жабын

Сонымен қатар Эсте Лаудер ұсынған сұйық қылқаламды айқындағыш 

Қандай құрал таңдасаңыз да, макияж үшін жақсы қылқалам пайдаланыңыз. Джейн Иредале ұсынған бояғыш қылқаламын пайдалануға кеңес береміз.





Едәуір жіңішке бет ұшы бейнесін қалыптастырыңыз. Бет ұшы ортасынан құлаққа қарай көлденеңнен қара реңк жағыңыз. Түсті қайда жағу үшін бет ұшын аздап тартыңыз және бояуды таратып жағуды ұмытпаңыз. Қара реңкті жоғары жаққан сайын, жағыңыз сүйірлене көрінеді. Жақтың үстіңгі нүктесіне контурын ерекшелеу үшін айқындағыш жағыңыз






Жіңішке мұрын қалыптастыру үшін қара түсті мұрын жақтауына жағыңыз, ал айқындағышты  мұрын аралығына тіке сызықпен жағыңыз. 







Қос иекті жасыру үшін бронзерді төменгі жақты бойлай жағыңыз. Мінсіз контур қалыптастыру үшін бояуды таратып жағыңыз. 






Көзді Кристина Диор ұсынғаг 5 түсті кутюр қабақ бояуы палеткасымен айындаңыз 

Ал ерінге шынайы түсті бальзам немесе жылтыратқыш жағыңыз. Нарс ұсынған ерінге арналған ашық түсті жылтыратқыш жағуыңызға болады. 


немесе Ипса ұсынған ерінге арналған сарғыш жылтыратқыш 








Томпиған толық ерін домалақ бет пішінін айқындайды, ал көздегі ерекшеленген макияж бетті кішкентай ете түседі. 


Қастың дұрыс пішінін таңдаңыз. Едәуір жоғары, айрықша көрінген қас домалақ бетті оптикалық түрде тікелей тартып, теңестіруге көмектеседі.






Айқындағышты бет ортасына жағыңыз. Оны қас арасына, мұрын арлалығына, үстіңгі ерін ойығына және иек ортасына таратып, бояңыз.



Маңдайды ұмытпаңыз! Бет пішінін ерекшелеу үшін шаш өсуі сызығын бойлай, самайға қара түсті жағыңыз.






Осы және басқа да құралдарды тиімді бағамен strawberrynet.com сайтынан таба аласыз.

Шаш жууға арналған құралдар

Шаш жууға арналған қажетті құралдарды қалай таңдау керек? Біріншіден, бұл мақсатқа сабын мүлдем лайықты емес: ол бас терісі мен шаштан қорғағыш сулы липидті эмульсиялық қабатты толығымен жояды. Осындай жуудан соң, шаш тым құрғақ болады, зақымданады, нашар таралады, түтіккен көрінеді. 





Шашқа осындай зиянды бермей, шаштан жиналған май, шаң, түлеген жасушаларды кетіру үшін сусабын арнайы жасалынып шығарылған: оның құрамында шаш пен теріге табиғи жанасатын және сабыннан қарағанда жұмсақ әсер ететін әлсіз қышқылды ортасы бар. 

Сусабынды таңдау үшін қарапайым принципті қолданыңыз: сусабын қаптамасындағы мәтінді мұқият оқып шығыңыз және сіздің шаш типіңізге лайықты сусабынды пайдаланыңыз, сусабынды пайдалануды бастаған соң, нәтижесін салғастырыңыз. Оң нәтижелі сусабын шашты таза, ешқандай май қалдықсыз, жақсы таралатын, көнбіс және бас терісінің тітіркенуінсіз күйде қалдырады. 


Сусабынның сізге лайықты емес екендігін білу үшін бір немесе екі рет пайдаланудың өзі жеткілікті, ал сусабынның дәл өзіңізге арналғандығын білу үшін сусабынмен кем дегенде бір ай бойына тұрақты қолдану керек. 
Сонымен қатар жақсы сусабын шаштың статикасын кетіруі қажет, ең негізгісі – ақуыз, ылғалдылық пен нәрлендіргіш заттардың жоғалған жерін толтыруы тиіс.
Сусабынды уақыт өте келе ауыстыру керек деген, ол – миф: егер өзіңіздің қажеттілігіңізді толық қанағаттандыратын сусабынды тапсаңыз, тек шаш құрылымыңыз өзгерген жағдайда ғана ауыстырған абзал.
Сусабынды пайдаланған соң, шашқа шайғышты жағу тиіс. Ол бірнеше қызмет атқарады: жылдам кептіруге, тарауға мүмкіндік беріп, шашты серпімді етеді. Бірдей маркалы сусабын мен шайғышты пайдаланған жақсы – олар құрамы жағынан бір-біріне сай келеді және шайғыш әрекеті сусабын қызметін максималды әсермен толықтырады. 

Әртүрлі маркалы сусабын мен шайғыш үйлесімі шашқа пайдалы емес және кейбір жағдайда аллергия тудыруы мүмкін. Көбіне шайғыш 2-уі 1-де сусабындарында ұамтылады, бұл «ұқсас» нұсқа, ал дара шайғышты пайдалану әсері ерекше болады. 
Зақымдалған шашты қалыптастыруға арналған арнайы жылдам емдегіш құралдар бар – олар шашты жазады, шаш фолликулын қалыптастырады, қоректендіреді және жылдам әрі жеңіл түрде қалыптастыратын әсері болады.

Ұзақ, толық әрі терең емдеу әсері үшін маскалар ойлап табылған – олар аптасын 1-2 рет 15-20 мин шашқа жағылады.

Шаш күтімі басқа дене мүшесін күткен сияқты өмірлік іс-әрекет екенін түсіну маңызды.  Шашты бір немесе бірнеше ай күтіп, сонан соң шаш өмір соңына дейін сауыққан болады деген үмітпен күтімді тастап кетпеу керек. Мұқияттап жалғастырыңыз, шашыңызды күтімсіз қалдырмаңыз.




Шашқа арналған күтімдерді тиімді бағамен strawberrynet.com сайтынан таба аласыз.