четверг, 26 июня 2014 г.

Тері күтімі майлары қосылған өнімдер сыры





Терінің нәзік әрі тегіс болуы үшін әрдайым жақсы күтім керек. Тері күтімі майлары қосылған өнімдер теріңізді жұмсақ, жағымды, тартымды етеді. Косметолог мамандар майды тек қана массаж кезінде емес, күнделікті тері күтіміне де пайдалануға кеңес береді.


Май құрамды күтімдер теріні қалпына келтіріп, жұмсартады, құрғақтық пен тітіркенуден сақтайды.

Әдетте тері үшін бадана, зәйтүн және шабдалы майы қолданылады. Алайда, біздің ғасырда косметологияға өте кең таралған және теріні жасартып, қан айналымын, зат алмасуды белсенді ететін, артық салмақпен, целлюлитпен күресуге қабілетті сығындылары бар әртүрлі экзотикалық майлар енеді.


Майды тері күтіміне пайдаланудың тағы бір артықшылығы сырғанаған саусақтардың арқасында ерекше рақат сезіміне бөленесіз. Ал оның иісі тіптен керемет! Қазіргі заманда танымал брендтар мынадай тері күтімі майларын ұсынады.

Денеге арналған бадам қосылған май
Теріге иілгіштік, созылғыштық қасиет береді, әдетте тегіссіздікті жасыру үшін макияж астына жағылып жатады. Тері құрылымын жақсартуға да қабілеті бар.


Ваниль және бергамот сірінділері қосылған крем-май
Денені ылғалдандырып, балғындық пен сергектік сезімін саялатады

Сонымен қатар, қазіргі заман косметологиясында  ши майы түрлі кремдер құрамында пайдаланылады. Ол теріні қоректендіреді, ылғалдандырады, жұмсартады және балғындық пен сергектік сезімін аялатады.
Денеге арналған крем
Қолға арналған крем
Бетке арналған крем

Ана мен бала күтіміне арналған крем


Денеге арналған майл құрамды күтімдерді қолданудың артықшылықтары:

Ылғалдандыру үшін

Терінің жоғалған және жетпей тұрған ылғалдылығын арттыру және қамтамасыз ету үшін қолданылады. 
Демалдыратын ванна үшін
Жылы ваннаға бірнеше тамшы хош иісті майды тамызып, 30 минут бойы ләззат алыңыз (одан артық болмайды). Бұл уақытта тері өзіне керегін алып үлгереді.
Антицеллюлитті массаж үшін
Цитрусты немесе жалбызды эфир майлары қан айналымын жақсартады. Массаждан кейін тегіссіздіктер жазылып, тері жылтыр болып, тартыла түседі.
Сұлу да сымбатты болыңыз!
Басқа да тері күтімі өнімдерін strawberrynet.com сайтынан таба аласыз!

четверг, 19 июня 2014 г.

КӨЗ АЙНАЛАСЫ ТЕРІСІН КҮТУДЫҢ 6 ЕРЕЖЕСІ

 Көздер, яғни, көз айналасындағы тері сіз туралы көп нәрсе айта алады, сонымен қатар жасыңыз туралы сырды да жасырмайды. Осы аймақтағы теріні мінсіз, қараюсыз, әжімсіз, ісіксіз және көз асты ісігінсіз сақтау мүмкін бе? Егер ерінбесеңіз және нәзік аймақты дұрыс күтсеңіз, бәрі де мүмкін!


Көз айналасындағы тері сондай жұқа әрі нәзік, өйткені онда ешқандай тері майы мен бұлшықет жоқ және коллаген мен эластин өте аз. Шынын айтқанда, беттің басқа аймақтарына қарағанда, қабақ терісіне күш көп түседі. Күніне орта есеппен 24 мың рет көз ашылып-жабылады. Тері жайлап тартылып, майда әжімге толады, сол себепті көзді 25 жастан бастап күту қажет, бұған сізге дайын кремдер мен салондық процедуралар ғана емес, сонымен қатар халықтық әдіс-тәсілдер көмектеседі.


Бұдан басқа, егер әдеттеріңіз бен тамақ ішу салттарыңызды аздап өзгертсеңіз, көз асты қараюы мен ісуі, әжімдердің пайда болуы қаупін азайтуға болады. Көз айналасындағы нәзік теріні күтудің ең маңызды ережелерін қарайық.



1. Макияжды кетіргіш құрал

Осы аймақта әжім бұрыс күтім әсерінен пайда болуы мүмкін. Күнде кешке көз айналасындағы теріні декоративті косметикадан мұқият және абайлап тазарту керек. Сүт, май және майлы кремдерді суға төзімді косметиканы пайдалансаңыз ғана қолданыңыз. Егер олай болмаса, онда сізге лосьон дұрыс келеді. Сондай-ақ, хош иістендірілген құралдарды жақындатпаңыз, ал макияжды кетіру үшін мақта жастықшаларды пайдаланыңыз. Макияжды сүрткен соң, тазартқыш құрал қалдығын кетіру үшін міндетті түрде жуыныңыз.



 2. Декоративті косметиканы пайдалану

Декоративті косметиканы дұрыс жағыңыз, ол қабақ үшін негізі зиян емес, егер жаққанда қабақ терісін созып жақсаңыз, көзіңізді сығырайтсаңыз, әжім түсіреді. Қабақ бояуы үшін кәсіби қылқалам сатып алыңыз, өйткені жинақтағы жаққыштар қолайсыз келеді.


3. Дұрыс крем

Осы аймаққа ешқашан бет кремін пайдаланбаңыз, өйткені ол – өте ауыр, майлы және тіпті әжім пайда болуына себеп болады. 


Көз айналасына арналған крем жеңіл құрылымды, жабыспайтын болуы тиіс, әйтпесе, бұл терінің созылуына соқтырады. Майлы кремді пайдаланбаған дұрыс, ол ісік тудырады. Крем құрамында А, Е дәрумендері, эластин, коллаген, күннен қорғағыш фактор болғаны жөн. Сонымен қатар, құрамында көзді тітіркендірмейтін бейтарап рН болуы тиіс.

Теріңіз аздап ылғал (сулы емес) кезде, қабақтың үстіңгі және төменгі сықызтарына аз мөлшерін абайлап сабалап жағыңыз. Есте сақтаңыз, крем көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына төменгі қабаққа қарай және ішкіден сыртқа жоғарғы қабаққа жағылуы қажет. Бұл терінің созылуынан сақтайды.



4. Көзге арналған жаттығу

Көз айналасындағы теріні нығайту мен көруді жақсартуға арналған жаттығулар.

— Ыңғайлап отырыңыз, иықты түзулеңіз, басыңызды тіке ұстаңыз.
— Алдымен оңғай, сонан соң солға, төмен және жоғары қараңыз. 
— Көзіңізбен алдымен оңғай, сонан соң солға қарай шеңбер қимыл жасаңыз.
— Мұрныңыздың ұшына екі көзіңізбен қараңыз. Маңдайыңызды жиырмай, көзіңізді қатты ашыңыз. Онға дейін санап, төмен қараңыз.
— Көзіңізді жұмыңыз, көзіңізді қатты ашып ұзаққа қараңыз, сонан соң көзіңізді қайта жұмыңыз.
— Саусағыңыздың ұшымен көз алмасын абайлап басыңыз, сонан соң көзді жұмыңыз, демалдырыңыз. 10 рет қайталаңыз.

5. Үй тағамы рецепті

Арнайы кремдермен қатар, сынақталған халықтық әдіс-тәсілін пайдаланыңыз. Оларды тұрақты қолдансаңыз, әсерін береді. 


1-Рецепт. Көз айналасындағы қараюды картоп кетіреді. Тазартылған шикі картопты дөңгелектеп кесіп, 20-25 мин көзге қойыңыз. Сонымен қатар, шикі картопты үгіп, ақжелкен немесе аскөк қосып, дайын болған ботқаны қабаққа жағыңыз.

2-Рецепт. Көз астындағы ісікті мына қиын емес рецептпен кетіруге болады. Кептірілген түймедақ гүлінің бір ас қасығын алып, бір стақан ыстық су құйып, қақпақпен жауып, 10-15 мин тұндырыңыз. Бұл көз қабынуына да көмектеседі. Жөке, жалбыз жапырақтарынан жасалынған ванналар да өте пайдалы.



3-Рецепт. Ақ нан уақ әжімді жаза алады. Нанның жұмсағын аздап ысытылған өсімдік немесе ерітілген сары майда жібітіңіз. Езбені көзге қойыңыз да, 20-25 мин қалдырыңыз, сонан соң жуып тастаңыз.

6. Пайдалы әдеттер

Жарқыраған жазды күндері және шуақты қыстың күндері көзілдірік киюді әдетке айналдырыңыз. Көзілдірік ультра күлгін сәулелердің теріс әсерінен басқа көзіңізді сығырайтудан қорғайды.


Компьютермен жұмыс кезінде үзіліс жасаңыз және жақсы тынығыңыз. Дұрыс тамақтаныңыз. Тәтті, кофе, алкогольді ішімдіктер теріге кері әсерін береді - теріні түтіктіріп, серпімділігін жоғалтады. Балғын жемістер мен көкөністерді көбірек пайдаланыңыз, әсіресе теріге сәбіз, брокколи мен шпинат жапырақтары өте пайдалы.

Тері күтімі өнімдерін strawberrynet.com сайтынан таба аласыз.

СҰЛУЛЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

 ЕГЕР ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАСАҚ, БІЗ ӘРҚАШАН КЕРЕМЕТ КӨРІНЕТІМІЗ ХАҚ. КЕЙБІР ӘЙЕЛДЕР ҚУЛЫҒЫ МЕН КЕҢЕСТЕРІ БІЗДІ ДЕНІМІЗ САУ ӘРІ ТАМАША ЕТІП КӨРІНІУІМЗГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ.







• Тмин шөбін әрқашан тамағына қосып жейтіндерде, оларды инсульт ешқашан соқпайды.
 Қарапайым сәбіз көз көруін жақсартады және шашқа өте пайдалы.
• Сүзбе ерінді жұмсартады.





 • Таңға асқа 150 г жержаңғақ немесе балық тілімі безеуден құтқарады.

• Қой сүтінен жасалынған сүзбе аяқты ретке келтіреді.
• Банан қол терісінің құрғақтығына қарсы ем.
• Бүкіл ағзаны жасарту үшін фенхельді алып, езіп, оған сол мөлшерде бал қосыңыз. Араластырып, таңертең ¼ шай қасық бір ай бойына қабылдаңыз. Көктемде өтк пайдалы.



• 10-15 мин бойына тұндырылған, сүт пен қант қосылған түймедақтан жасалынған шайды жатар алдында қабылдасаңыз, тыныш жақсы ұйқы шақырады.
• Балғын таңқурай масайрауды басады.
• Кішкентай балалар ішіндегі шаншу мен түйіп ауру жылы арақпен ішті жеңіл сипалағанда кетеді.
• Мейрам отырысан кейінгі келесі күні пияз сорпасы жақсы көмек береді.




• Бүлдіргеннің көп мөлшерін жеу арқылы тұз байланудан толығымен құтылуға болады.
• При подагре полезно пить ежедневно имбирный чай.
• Қан аздық кезінде аздап қуырылған фундук жаңғағының ортасын тамақпен бірге қолданған жөн.
• Басты жуғаннан соң, бірденнен шашты тарау шаштың түсуіне мүмкіндік береді.



• Алмұрт жемісінің қою тұнбасын бас ауырғанда дәкемен таңған жақсы.
• Қызыл жемісінің тұнбасын бас ауырғанда таңу үшін пайдалануға болады.
• Бас ауырған кезде, ағаш тарақпен басты 7-10 мин бойына жайлап тараңыз.











• Шеке тырысып ауырғанда сарымсақ езбесімен самай, шекені ысыңыз.
• Анемияда және атеросклерозды емдеу мен алдын алу үшін күніне 3 рет тамақпен 1/3 бал қосылған 1 стақан қызанақ шырынын ішіңіз.


Тері күтімі өнімдерін strawberrynet.com сайтынан таба аласыз.



Үй тұрмысында тырнақты қалай күтуге болады?



Үй тұрмысында тырнақты күту аса қиын емес. Тырнақты күту әдістерін білген абзал және қиын емес процедураларды қолдануды әдетке айналдыру керек.
Біріншіден, қолыңызды ұқыппен күту қажет. Қолды желден және аяздан, сонымен қатар тұрмыста көп қолданылатын химиялық заттардан қорғаған жөн.
Тырнаққа арналған ванна.


Тырнаққа арналған ванналар, қарапайым күтім болса да, ең әсерлісі болып саналады. Олар қызметі жағынан және құрамының нәрлігі жағынан әртүрлі болады.

Тырнаққа арналған майлы ванналар. Шағын ыдысқа кастор немесе зәйтүн майларының аз мөлшерін құйып, су ваннасында аздап ысытыңыз. Тырнағңызды кем дегенде 5-10 мин малтыңыз.

Жалпы тырнақ үшін ванна өте пайдалы.
Біріншіден, бұл процедура, тырнақты едәуір ылғалдандырады және сынуын алдын алады.
Екіншіден, дәрумендер мен микро элементтеремен қоректендіреді. Егер тырнағыңыз қабыршақтанатын болса, майлы ваннаға жаңа сығылған лимон шырынын қоссаңыз ерекше пайдалы болады.



Үшіншіден, бұндай процедуралардан кейін тырнақ жылдам өседі.

Бұндай ванна қабылдауды кем дегенде аптасына бір рет жасаңыз. Егер тырнағыңызда қиыншылықтар болса, бұндай процедураны аптасына 2 немесе бірнеше рет жасаңыз. Ваннадан соң, қолға нәрлендіргіш крем жағыңыз.

Тұзды ванналар. 
Тұзды ертінді үй тұрмысында тырнақты нығайтуға көмектеседі. Мүмкін бұрын өзіңіз де байқаған боларсыз, теңіздегі демалыста күнделікті теңіз суына шомылғаннан кейін, тырнақ едәуір қатты әрі жылдам өседі.

Шағын ыдысқа жылы суда ірі теңіз тұзының бірнеше қасығын ерітіңіз де, тырнағыңызды бірнеше минут малтыңыз.
Бұндай процедураны аптасына 2-3 рет жасаңыз, бірақ жиі емес, өйткені тұзды судың ұзақ уақыт бойы әсері тері үшін пайда алып келмейді.

Егер тырнақ пластинасы сарғайған болса, онда лимон көмектесе алады. Лимонды екіге бөліп, тырнақты лимон етіне бірнеше минутқа салыңыз. Лимон шырыны тырнақты ағартады және олардың қатпарлануын тоқтатады.


Дұрыс маникюр.


Тырнақ үшін тағы бір маңызды жайт ол - маникюр. Ерег маникюр дұрыс жасалса (тіпті ол үйде орындалса да), қысқа тырнақтар лаксыз да әдемі әрі күтілген көрінеді. маникюрді үйде жасағанда кейбір қиын емес ережелерді ұстанған дұрыс:



1. Қандай тырнақ егеуін пайдаланатыныңыз - өте маңызды. Темір егеулерді қолданбағаныңыз жөн, өйткені олар тырнақ пластинасы құрылымын бұзады. Ең жақсысы - әйнек егеулерді пайдалану; оның беті - тегіс және тырнақты сындырмай жұмсақ егейді. Сонымен қатар табиғи тырнақтар үшін резеңке немесе картон негізді егеулер сай келеді.

Тырнақтарды ванна кабылдамас бұрын, құрғақ күйде болғанда егеген жөн және әрқашан бір бағытта егеу керек. Егер арлы-берлі егесеңіз, тырнақ пластинасы сынғыш және оңай қатпарланғыш болады.

2. Кутикуланы өңдеу тырнақ күтіміндегі негізгісі болып табылады. Кутикалын өңдеу әрекеттері мына ағыммен жүреді:
Кутикуланы бірінші арнайы құралдармен жұмсартады. Кутикула ылғалданады және жұмсарады, сонан соң арнайы маникюр таяқшасымен кутикуланы ысырады. Әдетте бұндай таяқша апельсин немесе бамбук ағаштарынан жасалынады.
Өсік тырнақ еттерін қысқашпен кесіп тастайсыз. Теріні зақымдамас үшін және кесіп кетпес үшін мұқият орындаңыз.

3. Кутикуланы өңдеп болған соң, тырнаққа қорғағыш жабын жағыңыз. Тырнаққа және тырнақ пластинасы беттеріне арналған құралдар сан алуан.
Бұндай құралдарды негізгі қызметімен қатар лак негізі ретінде қолдануға болады. Негіз үстіне жағылған лак ұзақ сақталады және тегіс жатады.

4. Ең соңғы әрекет ол - лакты жағу. Лакты таңдаңыз және бұл сәтке толық жауапкершілікпен қараңыз. Лактың түсін келісітіре таңдау маңызды. Егер қара түс гаммасын қаласаңыз, онда қара реңтерді негіз үстіне жаққан жөн, әйтпесе тырнақ пластинасы тез қараяды немесе сарғаятындығын білгеніңіз абзал.

Арзан лакқа жоламаңыз, өйткені ол тырнақ құрылымын қатты бұзады. Қазір тырнақты бұзбайтын және тегіс қанық түс жабынын беретін заманауи тұрақты лактарды сатып алуға болады. Мысалы,  Jessica Geleration гельді лагы 3 аптаға дейін сақталады. Олар тырнаққа керемет көрініс беріп қана қоймай, сондай-ақ тырнақ пластинасын қорғау және қалыптастыруға қатысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Егер сіз сапалы лакты қолдансаңыз да, тырнақты әрқашан боялған қалыпта ұстамасаңыз да, кез келген уақытта да, тырнаққа дем алуға мүмкіндік беру керек.
Тырнақ саулығын құртпау үшін құрамында ацетоны жоқ лак кетіргіш сұйықтығын пайдаланыңыз.

Мықты әрі әдемі тырнағыңыз болу үшін бірнеше әрекетті тұрақты жасауыңыз қажет екенін білесіз: ылғалдағыш және нәрлендіргіш ванночкалар қабылдау және жинақы маникюр жасау, лак, тырнақты қорғау құралдарына үнем жасамау, тырнақты өңдеу үшін жақсы құралдарды таңдау - міне осы ғана, осылардан соң, тырнағыңыз әрқашан мінсіз күйде болады.



Тері күтімі өнімдерін strawberrynet.com сайтынан таба аласыз.

четверг, 12 июня 2014 г.

Кәрістерше сұлулықтың 8 құпиясы





Кәріс қыздары сұлулықты сақтау үшін көп уақыт пен ақша жұмсайды

Теріңіз сауыққан және жарқыраған болуға мүмкіндік беретін кәрістерше сұлулықтың бірнеше құпиясы мынадай




1. Ылғалдандыру


2. Тұрақты тазарту, сергіту және ылғалдандыру







 3. Бетке арналған маскалар
4.  Мойын мен декольте терісі күтімі







5. тыныш ұйқы

6. Кәріс қыздары күніне 20 жуық тері күтімі құралдарын пайдаланады







 7. Бетке арналған массаж
8. Жұмсақ (аяншақ) косметика











Қабаққа жылы реңктер жағып, көзіңізді қара сұйық көз контурлағышымен сызыңыз
Қасыңызды арнайы гельмен ретке келтіріңіз
Қызғыш түсті бет далабы мен табиғи реңкті ерін далабын жағыңыз



Есте сақтаңыз, сұлулық құпиясының ең маңыздысы – ол тері күтімі өнімдерін көбірек пайдаланып, азырақ макияж жағу.











                                           DARPHIN ұсынған тері күтімін пайдалануға кеңес береміз



LANCOME


 strawberrynet.com балғын косметика дүкенінен әртүрлі тері күтімі өнімдерін таба аласыз.