воскресенье, 7 сентября 2014 г.

Шу Уемура шығармашылығы мен косметикасы туралы

Кәсіби өмірдегі алғашқы қадамдары 

Шу Уемура Токиода туып өскен. Жас өспірім кезінде ауырып, төсек тартып жатып қалған. Қиын күндерін артқа салған шағында шаш қою мен макияжға қатты қыза бастаған. Ол Токиодағы Сұлулық Акаадемиясына түседі, онда кластағы 130 оқушының арасында жалғыз ер бала болды.

Оның кәсіби өмірі 1657жылы «Joe Butterfly» филімінде гримм жасаумен ашылды. Ол фильмнің кейбір сюжеттері Жапонияда өткен еді. Кино мен телевиденияда гримм жасау мүмкіндігіне ие болу үшін Уемура 1950 жылдардың аяғында Жапонидан кетеді.
Уемарға жетістік алып келген фильм «My Geisha». 1962ж ауырып қалған фильм визажисті орнына гримм жасап көзге түседі. Кәсіби бояу арқылы кавказдық Ширли Маклейнді жапон әйеліне айналдырады. Фильм режисерлері мен Ширли Маклейннен үлкен мадақ алады. Көп ұзамай Голливудтағы сүйікті суретшіге айналады.

Косметика саласын бастауы

1960ж Уемура өзінің алғашқы косметикалық өінімін ойлап тапты. Оның алғашқы өнімі тазартқыш май болды, ол сабынан да жақсы тазартып, ылғалдағыш ретінде қызмет атқарды. Қазіргі таңда оның осы өнімі ең танымал. Философиясы бойынша әрбір косметологияда әрбір клиенттің тері типі маңызды болуы керек.


1964ж Жапонияға қайтып келіп, Шу Уемура макияж мектебін ашты. Шәкірттеріне Голливудта үйренгенін үйретті. 1967ж «Жапония Макияжы» атты компания ашып, оны 1983ж ресми түрде «Шу Уемура» деп өзгертті.

Қазіргі таңда Шу Уемура косметикасының сан алуан түрі бар, дегенмен сіздерге маңыздыларымен таныстырайық:

Face Architect Теріге Тегіс Жататын Сұйық Негізі


Қасқа Арналған Маникюр (Қасқа Арналған Сүрме)

Unmask Палитрасы (Сығымдалған Қабақ Бояуы)

 

Жоғары Әсердегі Теңестіруші Тазартқыш Май - Жетілдірілген Формула 

 

Depsea Hydrability Ылғалдайтын Кремі 

 

Gloss Unlimited Ерін Далабы 

 

 
Осы және басқа да өнімдерді strawberrynet.com дүкенінен таба аласыз.


Беті терісін қалай мінсіз етуге болады?

Табиғилық ешқашан сәннен қалмайтыны белгілі, бірақ бұл далаға жуынбай шыға салу керек дегенді білдірмейді. Мінсіз тері - бұл дұрыс күтім мен макияждың үйлесімі. Кезекті материалымызда мінсіз теріге қол жеткізудің 4 кезеңі жайлы әңгімелейміз.

Тазарту

Бет терісінің сау реңі дұрыс тазалау мен ылғалдаудан басталады. Егер терің нәзік болса, оны көпіршікпен жуған абзал, ал егер майлы, не аралас болса - гель-скрабпен. Бұдан кейін тоникпен сүртіп, ылғалдандыратын крем жақ. Үшсатылы тері күтімінің стандартты схемасы осы. Барлығын ережедегідей жасап, 15-тен 30 минутқа дейін күте тұр және содан кейін ғана кемшіліктерді жасыруға кіріс.

Қосымша: Егер крем толық сіңіп болмаса, тоналды крем жағар алдында бетті майлықпен сулап ал.

Тоналды крем

Тоналды крем біркелкі жағылуы үшін және бетте маска сияқты көрініп қалмас үшін оны аз мөлшердегі макияж астына жағатын құралмен немесе жеңіл ылғалдандыратын креммен араластырып ал (ең бастысы бұл құрылғылар тері типіңе сәйкес болса болғаны). Сонымен қатар, спонж емес, тоналды крем жағуға арналған арнайы шашақты пайдалануды ұсынамыз (спонж көбіне нақты бір аймаққа таңбалап жағуға жарайды). Тоналды кремнің реңкі бет терісінен бір реңкке ашық болғаны жөн. Егер ол бет терісінің реңкімен сәйкес болса, қарама-қарсы әсерге тап боласың.

Қосымша: Қызаруды, көз астының қараюын және бөртуді жасыру үшін корректорды пайдалан. Түрлі түсті корректорды тоналды кремнің алдында, ал түссіз корректорды (тоналды креммен бірдей реңкті) қай кезде жақсаң да өзің білесің.

Еңлік

Өз реңкіңе сәйкес келетін еңлік таңдауға тырыс. Ақсары қыздарға алқызыл түстер, қараторы қыздарға - қола түсті және қою қызыл, ақшыл сары-алқызыл түстер бәріне жарасады.
Қосымша: Еңлік дұрыс жағылуы үшін күл де, ең қатты шығып тұрған аймаққа жақ. Ал егер жалпақ бетті тарылтқың келсе теріңнен екі реңкке қошқыл еңлік пайдалан және оны бет сүйегіне жақ.

Екпін

Макияжды бекітіп, табиғилығын арттыруға визажистердің құпиясы бар: теріге термалды су сеуіп, бетті майлықпен абайлап дымқылдау қажет. Нәзік жылтыраған көз бояулары, бірнеше қабат кірпікке арналған тушь пен ерін жылтырағы - болды, көшеге шығуға дайынсың.
Қосымша: Бұдан өзге, хайлайтерді де пайдалана аласың. Оны жақ сүйегінің ең жоғарғы нүктесіне, үстіңгі еріннің контурына және көздің ішкі бұрышына жағу керек. Бірақ мұның өзіндік ережелері бар. Сондықтан оны қолданар алдында ережелермен танысып алған жөн.

Қажетті өнімдерді strawberrynet.com онлайн дүкенінен сатып алыңыз.

Лак-далап туралы не білеміз

Далаптың бір сәтте көңіл-күйді көтеріп жіберетін қасиетін көбі байқаған болар? Бейнеңізді түрлендіру үшін міндетті түрде шаш үлгісін немесе гардеробты өзгерту қажет емес, бар болғаны далаптың реңкін өзгертсеңіз жеткілікті. Косметика алпауыттары тұтынушылардың көңілінен шығу үшін жылдар бойы жаңа текстуралар мен реңктерді шығарып келеді. Қазіргі таңда ерінге арналған лакты далап өзекті.

Ерінге арналған лак – бұл сөздерді оқығанда ойыңызға не келеді? Шашқа немесе тырнаққа арналған лакқа балама ретінде тұрақты және жылтыр бірдеңе елестейтін болар? Ерін жылтырағына ұқсас, алайда біршама қалың текстуралы. Негізінде бәрі сіз ойлағандай, тек пайдалану әлдеқайда жеңіл.

Ерінге арналған лак, басқаша айтқанда, лакты ерін далабы – бұл өте ыңғайлы және жайлы бір құтыдағы жылтырақ пен далап десек болады. Ерінге арналған жылтырақтар сияқты, лактар да аппликатор-спонжы бар құтыда болады. Олар ерінді жылтыратады және пайдалы қасиеттерімен ерінді күтіп-баптайды. Бірақ, ерінге арналған жылтыраққа қарағанда текстурасы біршама қалың және тұрақты қанық түске ие

Лакты далап қалай пайда болды?

Ең алғашқы ерінге арналған лактар екі косметикалық алпауыт Lancôme мен Chanel-дің көпжылдық зерттеулерінің нәтижесінде 2009 жылы пайда болды. Олар кремдік текстураға тұрықты пигменттерді қосты.

Қазірде ерінге арналған лактардың бірнеше түрі бар. Сол түрлеріне байланысты оларды үш топқа бөлуге болады

Қалың жағылатын пигментті далап

Олар ерінді жұмсартады және қоректендіреді. Қалың текстуралы болғандықтан жақсы және тегіс жағылады. Қою қанық түспен қамтамасыз етеді және жылтыр әсері ұзақ сақталады. Бұл әмбебап лактарды түсіне байланысты күндіз де, кешке де жағуға болады

Yves Saint Laurent Rouge Pur Couture Ерін Бояуы

 Shiseido Maquillage Essence Glamorous Rouge Ерін Бояуы


Қанық түсті жеңіл далап

Бұл топқа жаңа өнімдер кіреді. Олар ерінде тіпті сезілмейді: құрамындағы балауызды алмастырған су жағылған соң қанық түс пен жылтырағын қалдырып, бірден жоғалып кетеді. Олар барынша табиғи көрінеді. Бұл құралдар күндізгі макияж үшін тамаша жарасады, кешкі макияжды да ауырлатпайды, бірақ тым сезімтал теріні құрғатуы мүмкін

Bourjois Rouge Pop Chic Ерін Жылтыратқышы 


Бұл тұрақты ерін далаптарына жатса да, текстурасы лакқа келеді. Бұл далаптардың бір жағы велюр аппликатор арқылы тегіс жағылатын пигментті крем болса, екінші жағы – ерінді жылтыратуға арналған шашақпен жағылатын жылтырақ. Құрамындағы ұшпа-майлар мен эластомердің арқасында экстра-тұрақты, тіпті тамақ ішкенде де кетпейді және маңызды іс-шараларға тиімді.

Sisley Ботаникалық Ылғалдандырғыш Тұрақты Ерін Далабы


Clinique Тұрақты Ерін Далабы - №.35 Қолалы Имбир (Жұмсақ Жылтыр)

                                                          
Осы және басқа да өнімдерді strawberrynet.com онлайн дүкенінен сатып алыңыз.

Бет жуатын күтімдерді таңдау жолы?

Бет терісін тазалау – күнделікті ұстануды қажет ететін маңызды салттардың бірі. Ең бастысы – бұл процедураға сізге жағатын құралды таңдап алу. Қазіргі таңда бет тазалауға арналған көпіршік, гель, мусс, флюидтердің түр-түрі бар. Дәл сіздің теріңізге қайсы жағатыны жайлы сарапшы маман жауап береді.

Бет терісінің типіне байланысты тазартқыш құрал таңдау

Тазартқыш құралды таңдағанда бет теріңіздің типін ескеру керек. Өйткені құрғақ теріге жарайтын құрал, майлы терігі мүлде пайдасыз болуы мүмкін.

Дүкен сөрелерінде ұсынылған барлық құралдардың әрқайсының өзіндік текстурасы, құрамы мен pH деңгейі (қышқыл-сілтілі орта теңгерімі) бар.

Қалыпты және құрғақ теріге арналған жуыну құралдары

Қалыпты және құрғақ теріге әдетте бейтарап pH-ты, май негізінде жасалған сүтше, көпіршік, мусс немесе флюид ұсынады. Бұл құралдар құрғақ теріге қажет жұмсартатын,
ылғалдандыратын, қоректендіретін және тыныштандыратын компоненттерден тұрады. Бұл ши, авокадо, кокос майлары, түймедақ, көктікен, көздәрі сығындылары болуы мүмкін. Нәзік құрылымы мен комоненттер тобы теріні жақсы ылғалдандырады, тыныштандырады, құрғақтық және жарылумен күреседі.

Майлы теріге арналған жуыну құралдары

Майлы теріге жуынуға арналған гель жақсы. Ол төмен қышқылды pH-қа және түрлі қышқылдар мен себореттеуші комоненттерге ие – мысалы лимон, сүт қышқылы, емен қабығы, мырыш тұзы, қайың сығындысы, шай ағашының майы. Олар жақсы ериді және тері бетіндегі себум мен кірді жақсы кетіреді, май бездерінің жұмысын реттейді, бетті тегістеп, қабынуларды кетіреді.

Сонымен қатар бактериялар төмен қышқылды ортада дамымайды, сондықтан терісі майлы жандар жуынуға гель пайдаланса, безеулер мен бөртпелердің пайда болуының алдын алады.

Жас ерекшелігін ескеріп тазарту

Жас ерекшелігіне байланысты шығарылатын құралдар бөлек атап өтуге тұрарлық. Жасы келген тері көбіне құрғақтықтан, жарылудан және жоғары сезімталдықтан зардап шегеді. Мұндай теріге арналған құралдар терінің қажеттіліктерін ескере отырып жасалған. Әдетте бұлар жұмсақ текстуралы флюидтер, мусстар мен көпіршіктер.

Жасы келген терінің мүйізді қабаты қалың болып келетіндіктен, мұндай құралдардың құрамына қышқылдар енуі мүмкін. Олар өлі теріні кетіріп, терінің демалуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар белсенді жас ұлғаюына қарсы ингредиенттерден (мысалы, пептидтер, фитоэстрогендер, жас ұлғаюына қарсы және өсімдік кешендері) тұрады. Олар әжімдерді тегістеп, жаңасының пайда болуының алдын алады, теріні қоректендіреді және ылғалдандырады, жасушаларды бос радикалдардан қорғайды.


Бет күтіміне арналған күтімдерді пайдалануға кеңес береміз:

Clinique Кемшілікке Қарсы Күтімдер Тазартқыш Көбік (Барлық Тері Түрі) 


Shiseido Pureness Терең Тазартқыш Көбігі 


La Prairie Көбікті Тазартқыш


Chanel Precision Шайылатын, Көбіктенгіш Тазартқыш Мусс


Осы және басқа да өнімдерді strawberrynet.com онлайн дүкенінен сатып алыңыз.

Қалай дұрыс жуыну керек

Теріге зақым келтіріп алмас үшін жуыну ережелерін мұқият ұстану қажет. Дұрыс тазаланбаған клеткалар бактериялардың өршуіне, әжім мен безеулердің пайда болуына әкеледі.

• Бөлме температурасындағы сумен жуыныңыз. Қылтамырлардың кеңеюін өршітпеу үшін су ыстық болмауы қажет. Бірақ суық сумен де жуынбауды ұсынамыз, өйткені ол макияж қалдықтарын кетіре алмайды.

• Жуынуға арналған құралдардың мөлшерін есепке алыңыз. Егер гель пайдаланатын болсаңыз, онда құралдың кішкене бөлігін (бұршақ мөлшеріндей) дымқыл қолыңызға құйып алып, көпіртіп, бетіңізге ақырын уқалап жағыңыз. Теріңізде созғылап, қатты баспаңыз. Үздік нәтиже үшін арнайы губка немесе спонж пайдалансаңыз болады.

• Егер сүтше қолданатын болсаңыз, онда кішкене бөлігін (шамамен 5 мл) дымқыл дөңгелек мақтаға немесе саусақтарыңыздың ұшына құйып алып, бетіңізге жағыңыз. Беттің орталық бөлігінен шетке қарай массаж сызықтары бойынша қозғалыңыз. Сүтше қалдықтарын сумен шайып тастаңыз.

• Теріні тазартуды ұмытпаңыз. Теріні күніне екі рет, таңертең және кешке тазарту керек. Таңертең тері қабатынан түні бойы жиналған себумды жуасыз, кешке – макияжды, терінің бетінде жиналған кірді, себумды. Қабынуға бейім, майлы тері болса, әсіресе ыстық кезде бөртпенің алдын алу үшін күніне 3-4 рет жуыну ұсынылады.

• Теріні терең тазарту процедураларын жасап тұрыңыз. Терінің дұрыс демалуын қайта қалпына келтіру үшін және терінің қуаттылығын арттыру үшін, сонымен қатар реңін жақсарту үшін кейде пилинг арқылы теріні терең тазартып тұрыңыз. Олардың құрамында өсімдік сығындылары мен жеміс қышқылдары болуы мүмкін. Майлы тері үшін терең тазарту процедурасын аптасына 2 рет жасау ұсынылады, аралас тері үшін – аптасына 1-2 рет, құрғақ және жасы ұлғайған тері үшін – аптасына 1 рет.

Төмендегі құралдарды пайдалануға кеңес береміз:

Clinique Жууға Арналған Көбіктенгіш Тазартқыш 


Clarins Ши Майы Қосылған Көбіктенгіш Жұмсақ Тазартқыш (Құрғақ/Сезімтал Теріге Арналған) 


Lancome Creme - Mousse Confort Жайлағыш Тазартқыш Кремді Көбігі (Құрғақ Тері)


Осы және басқа да өнімдерді strawberrynet.com онлайн дүкенінен сатып алыңыз.

пятница, 5 сентября 2014 г.

Солярий туралы білген жөн

Табиғи күнге күю мен соляридің айырмашылығы қандай? Олардың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян? Теріге зияны тимес үшін не істеу керек? Кезекті материалымызда осы сұрақтарға жауап береміз.

Адам терісі солярийде қалай күйеді?

Солярийдегі ультра күлгін сәуленің арқасында терінің бетінде меланин пигменті бөлініп шығып, теріні күнге қыздырынғандай етіп көрсететін түске бояйды.
Ультра күлгін сәулелер табиғи жолмен күннен бөлінсе, жасанды жолмен кварц шамдары арқылы бөлінеді.

Кварц шамның ішінде сынап бар, ол электр зарядының арқасында шамды жарқыратады.
Табиғи күнге күю мен солярийдің қандай айырмашылығы бар?

Күн сәулесі жарқырап тұрған кезде ультра күлгін сәулелер «В» типіндегі сәулелерді бөлсе, солярий дәл осындай процесс барысында терінің терең бөліктеріне дейін әсер ететін сәулелер бөліп шығарады.

Күн сәулесімен салыстырғанда солярий теріні қатты кептіріп, құрғатады. Мұнымен қатар қартаюды тездететін бос радикалдардың пайда болуына әсерін тигізеді.

Солярийдің пайдасы мен зияны

- Жиі ауыратын адамдарға пайдалы;
- Бронх, өкпе ауруларымен ауыратын адамдарға пайдасы зор;
- Күн сәулесі түспейтін адамдарға, терінің қалыпты күйін сақтау мақсатында қолданылады;
- Ағзаға D дәрумені жетіспеген жағдайда;
- Бет безеулеріне қарсы қолданылады;
- Сүйек сынғанда және ұзақ уақыт бойы жазылмай жүрген жараларға пайдалы.

Солярийге баруға болмайды:

- Күрделі аурулар түрімен ауыратын адамдарға;
- Ағзаның бір жері жарақаттанып, қанаған жағдайда (етеккір кезінде);
- Қаназдықпен ауырсаң;
- Ісік ауруымен ауырған жағдайда;
- Өкпе ауруы (туберкулез);
- Атеросклероз;
- Астма;
- Қан ауруы;
- Тері күн сәулесіне сезімтал болған жағдайда.

Қыстыгүні тас төбеде күн жарқырап тұрмайтындықтан, оны солярий алмастырып, осы маусымға тән күйзеліспен күресуге көмектеседі.

Ультра күлгін сәуленің арқасында терінің оттекпен тыныс алуы жақсарып, сүйек пен бұлшық етті бекемдейтін D дәруменін синтездейді. Бұдан өзге терінің майлылығын төмендетіп, безеудің көп шықпауын қамтамасыз етеді.

Солярийде не істеу керек?

Сеанс кезінде көз міндетті түрде жабық болуы тиіс. Әйтпесе көздің тор қабығы оңай күйіп, адам соқыр болып қалуы мүмкін. Және бұл үшін арнайы көзілдірікті ғана тұтынған жөн. Мұнымен қатар D дәруменінің тек теріде май жабындысы болған кезде ғана пайда болатынын біліңіз. Сондықтан душтан немесе бассейннен кейін солярийге бармауға кеңес береміз.

Солярийден төнетін қауіп

Жоғарыда айтқан меланинді бөлу үшін ағза иммунитет ресурстарын жұмсайды. Егер тұмауратып, жөтеліп жүрген болсаңыз, күшіңізді үнемдеу үшін бармағаныңыз жөн.

Солярийде мынанда ережелерді сақтаған жөн:

- Салон қызметкерлерінен құрылғыдағы пайдаланатын лампалардың жарамдылық мерзімін сұраңыз (ең ұзақ уақыты – 450 сағат);
- Қажет болған жағдайда құрылғыны қалай тоқтатуға болатынын алдын ала сұрап алыңыз;
- Күнге күюге арналған кремді қолданған жөн. Ол – теріні құрғап кетуден сақтайды.

Солярийді пайдаланудың да өз уақыты бар. Соны міндетті түрде ескеріп, норманы сақтаған жөн

Қазіргі аумалы-төкпелі заманда, меніңше, теріге күйген түс беретін кремдерді пайдаланған жөн.

Төмендегі күтімдерді пайдалануға кеңес береміз:

Elizabeth Grant Soleil Smart Бетті Қолалау Құралы

Clarins Күйген Түс Беретін Сұйық Бронзер (Бет және Декольтеге Арналған)

Sue Devitt Гельді Бронзер SPF 40


Осы және басқа да өнімдерді strawberrynet.com онлайн дүкенінен сатып алыңыз.

среда, 6 августа 2014 г.

BURBERRY ұсынған косметикалар



Қарапайым әрі ұтылмайтын Бурберри топтамасын ұсынамыз: ерінге арналған жарқыраған түстер мен ылғалды жылтыр, көзге арналған табиғи түстер және табиғи ерекшелікті  жарқыраған тері. 







Кларинс ұсынған үнді құмарлығы


Кларинс топтамасын қалыптастыруға құпия мен сырға толы Үндістан рухтандырған, онда жыл сайын Холи Феста, ұлттық бояу фестивалі өтеді, фестиваль кезінде үнді халқы өте ерекше жарқыраған түрлі түсті киім киеді.

Қабақ бояуы палетін, шипалы компоненттер қосылған төрт түсті ерін далаптарын, екі жылтырақ бальзам, екі түсті сүрме мен сұйық контурлағыш қалам, минералды бронзер, сонымен қатар макияж реттігішін (ыстық жаз кештерінде қажет болады) пайдалануға кеңес береміз.




 





Осы және басқа да өнімдерді тиімді бағамен strawberrynet.com дүкенінен таба аласыз.

Үйлесімді хош иісті қалай табуға болады



Үйлесімді хош иісті табу – оңай шаруа емес.






Білетін боларсыз, барлық хош иістер үш нотадан тұрады: жоғары – бірінші ұшып кететін нота, ортаңғы және негізгі ноталар – хош иістің негізі болып саналады.



Хош иісті таңдауда келесін ескеріңіз:
Бірінші. Өзіңіздің жақсы көретін хош иістерді ойлаңыз да, сатушыдан сәйкес келетін нұсқаларды таңдауын сұраңыз.

Екінші. Бір сәтте екі хош иісті иіскемеңіз. Қолға шашып, үйкеңіз, әйтпесе үйлесімін аңғармайсыз. Негізгі ноталары ашылғанша, 10 мин күтіңіз, сонан соң ғана сатып алыңыз. Жақсысы, келесі күні сатып алғаныңыз.

 


Үшінші, хош иіс осы маусым жаңалығы екен деп сатып ала салмаңыз. Алдымен ол сізге шындап ұнайтындығына көз жеткізіңіз. Хош иіссуды өзіңізге сатып алып жатсыз, басқа біреуге емес.




Төртінші. Хош иіссу құйылғаннан соң үш жыл бойына сақаталады. Оны қыздырғыш құрылғылар жанында немесе тікелей күн көзінде сақтауға болмайды.







Бесінші. Униформа сияқты күнде бір иісті шашуыңыз міндетті емес! Әртүрлі мезгілге және әртүрлі уақытта әртүрлі хош иіссу шашыңыз.

Алтыншы. Хош иісті таңдау кезінде, жергілікті климатты ескеріңіз. Ыстық күнде хош иіс жылдам ұшып кетеді, ал суық мезгілде иіс күшейе түседі.


Жетінші. Хош иіссу бағасына қарамастан, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауы тіис.

Сегізінші. Жүктілік кезде ешқашан хош иіссу сатып алмаңыз. Сол уақытта ағзада гормоналды өзгерістер болады, ол хош иісті қабылдауға әсерін тигізеді.




Кристиан Диор ұсынған хош иістер


Джорджио Армани, 


Каролина Эррера,


 Вера Ванг  


Осы және басқа да хош иіссуларды тіимді бағамен strawberrynet.com таба аласыз 

Әйелге арналған ең жақсы мерекелік сыйлықты қалай табуға болады?

Мерекелік маусым жақындаған кезде, өзіңіздің жартыңызға «не сыйласам» деп ойлана бастайсыз.

Ол нені жақсы көреді, соны ойлаңыз.
Көп шығынды қажет етпейтін сыйлықтар туралы бірнеше пікірді ұсынамыз.

Бірінші. Қызыңызға сәнді жылы мойынорағыш сыйлаңыз.





Екінші, егер ол оқығанды жақсы көрсе, онда жаңа бір бестселлерді сыйға тартыңыз.


Үшінші. Егер ол кофе ұнататын болса, онда кофе жасайтын машина сыйлап, екеуіңіз жаңа дайындалған кофе ішіп рақатқа бөленіңіз.



Төртінші. Спа салонға екі кісіге арналған сертификат сыйлап, уақытты бірге өткізіңіз.

Бесінші. Косметика туралы ойланыңыз. Бұл ұтылмайтын нұсқа.




Тері күтіміне арналған Кристиан Диор ұсынған Кэпчур Тотале жол жинағы немесе Эсте Лаудер ұсынған Ресиленс сыйлық жинағын,

  
Элизабет Арден ұсынған Дэй Эссеншиал Колор жинағы немесе Пикси ұсынған сәнді макияж жинағын сыйлауға кеңес береміз,

  
Сонымен қатар, әдемі орамдағы жұпардың сыйлық жинағы мінсіз сыйлық болады. Мысалы, Агент Провокатер ұсынған Мэйтресс жинағы немесе Кларинс ұсынған  О Де Жардинс жинағы.



Осы және басқа да өнімдерді тиімді бағамен strawberrynet.com дүкенінен таба аласыз.